«Арсенал» Аршавинді айдап шықты

24.05.2013, 20:01
«Арсенал» Аршавинді айдап шықты
Лондонның "Арсенал" клубы Ресейдің мақтаулы футболшысы Андрей Аршавинді сапынан шығарып тастады.

Аршавин Англия чемпионатының 2012/13 маусымында жеті ойын өткізіп, бір де-бір гол соға алмаған. Сол кезде британдық БАҚ Аршавиннің «Арсенал» құрамындағы дәурені біткенін айтып шуласқан болатын. Олардың айтқаны нақ келіпті. Өйткені британдық клубқа дабыра атақ емес, нақты шебер ойыншы керек еді. Ал Аршавин «Арсенал» басшыларының күткен үмітін ақтамады. Аршавин «Арсенал» құрамында 2009 жылдан бері ойнаған. Енді оны бұл клубтан шығарып тастағаннан кейін желөкпе жігіт Ресей құрамасының сапына да ілікпей қалды. Ресей құрамасының бапкері Фабио Капелло Аршавинді Ресей құрамасының сапына алудан бас тартыпты.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×