«Арсенал» «Лестер Ситидің» жартылай қорғаушысын сатып алмақ

10.05.2022, 16:49
Футболшы «Лестерде» қалмайтынын ашық айтты.
«Арсенал» «Лестер Ситидің» жартылай қорғаушысын сатып алмақ

«Арсенал» жақын арада «Лестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Юри Тилемансты қатарға қосуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, «зеңбірекшілер» алаң ортасын күшейтуді жоспарлап отыр, ал Тиелеманс бұл позицияға негізгі үміткер болып табылады. Трансфер құны құны шамамен 40 миллион еуроны құрайды деп күтілуде.

Бельгиялық футболшы «Лестер» басшылығына клубта қалмайтынын ашық айтып, келісім-шартты ұзарту туралы жасаған екі ұсынысынан бас тартты. Юри Чемпиондар лигасына қатысатын командаға ауысуды көздеп отыр.

24 жастағы Тиелеманс «Лестер Ситиге» 2019 жылдың қаңтарында «Монако» командасынан жалдау шарты бойынша ауысты. Сол жылдың жазында «түлкілер» жартылай қорғаушыны 45 миллион еуроға сатып алды.

Бельгиялық ойыншы осы маусымда «Лестер» үшін Ағылшын Премьер-лигасында 29 ойынға қатысып, 6 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×