Эрлинг Холандтың трансферіне қатысты тың деректер жарияланды

10.05.2022, 17:14
Футболшының трансферлік құны мен алатын жалақысы белгілі болды.
Эрлинг Холандтың трансферіне қатысты тың деректер жарияланды

Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысу үшін медициналық тексерістен өтті, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, норвегиялық футболшының ағылшын клубына ауысқаны туралы ресми ақпарат осы аптада шығады. Эрлинг «Боруссия» клубының жанкүйерлерімен лайықты түрде қоштасу үшін жаңа командасымен трансферлік терезе ашылмай тұрып келісімге келді.

Холандтың «Манчестер Ситимен» келісім-шарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды болмақ. Шабуылшының англиялық клубтағы жалақысы аптасына 375 000 фунт стерлингті (шамамен 440 000 еуро) құрайтын болады. Манчестерлік командадағы ең жоғары жалақы алатын Кевин де Брёйненің де жалақысы осы шамада.

Ал трансфер құнына келетін болсақ, «Манчестер Сити» дортмундтық клубтан футболшының келісім-шартын сатып алған екен. Ол үшін «қалалықтар» 75 емес, 60 миллион еуро төлеген.

«Мен жаңа келісім-шартқа қол қойған кезде «Манчестер Ситидің» дамуын тоқтатпайтынын білдім. Егер Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысса, бұл команданың әлсіремейтіні анық. Көптеген адамдардың қазір ақша туралы айта бастайтынын білемін, бірақ бұл трансфер бәрін жаңа деңгейге шығарады», - деді Юрген Клопп бәсекелесінің жасаған трансфері туралы.

Холанд «Боруссияға» 2020 жылдың басында «РБ Зальцбургтен» 20 миллион еуроға ауысты. Содан бері дортмундтық клуб үшін Холанд 88 матчта 85 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ шабуылшы Норвегия құрамасында 17 матч өткізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×