"Арсенал" Ван Персиге аптасына 150 мың фунт стерлинг беруге дайын

29.02.2012, 22:06
"Арсенал" Ван Персиге аптасына 150 мың фунт стерлинг беруге дайын
"Арсенал" Ван Персиге аптасына 150 мың фунт стерлинг беруге дайын. "Арсенал" басшылығы клуб лидері Робин Ван Персиді команда сапында сақтап қалу үшiн, жаңа ұсыныстарды ұсынуда. 2013 жылы былай да былай келісімі аяқталысымен басқа клубтың жейдесін киюге асығып жүрген голландиялықты "канонирлердің" жібергісі жоқ. АПЛ-дың үздік шабуылшысына аптасына 130 мың фунт стерлинг береміз деп уәде беріп отыр "Эмирейтс" стадионының жетекшiлерi. Сонымен қоса қосымша бонустарымен бірге шамамен ойыншы 150 мың фунт стерлингті әр жексенбі сайын алып отырады. Әйтсе де команда лидерін ақша емес, алдымен команданың перспективасы алаңдататынын мәлімдейді The Daily Mail.

Рулан БАҚЫТАЖАН

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×