«Арсенал» жаздағы алғашқы трансферін жасады

14.05.2022, 19:03
Лондондық клуб 19 жастағы футболшымен толықты.
«Арсенал» жаздағы алғашқы трансферін жасады

«Арсенал» «Сан-Паулу» шабуылшысы Маркиньоспен келісім-шарт жасаспақ, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, тараптар 19 жастағы бразилиялық футболшының трансфері туралы келіссөздер жүргізіп, нақты мәмілеге келген. Маркиньос жазғы трансферлік терезеде «Арсеналға» қосылатын алғашқы ойыншы болады деп күтілуде. Бұл футболшы үшін «Арсенал» келісім-шартта өтемақы ретінде көрсетілген 3 миллион фунт стерлинг (3,5 миллион еуро) төлейді. Ал «Сан-Паулу» ойыншы тегін кетеді деп қауіптеніп, ұсынысты қабылдауға мәжбүр болды.

Лондондық «Арсенал» 36 матчта 66 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×