Хаби Алонсо бельгиялық клубты тізгіндеуі мүмкін

14.05.2022, 19:48
39 жастағы маман қазір Испанияда жұмыс істеп жүр.
Хаби Алонсо бельгиялық клубты тізгіндеуі мүмкін

Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Хаби Алонсо «Брюгге» клубының бас бапкері атанбақ, деп хабарлайды HLN порталы.

Бельгиялық клубтың қазіргі бапкері Альфред Шрёдер «Манчестер Юнайтедке» кеткен «Аякстың» менеджері Эрик тен Хагтың орнын басады.

Хаби Алонсо қазір «Реал Сосьедадтың» қосалқы командасын жаттықтырып жүр. 39 жастағы маманның клубпен келісім-шарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Алонсо «Ливерпуль», «Реал Мадрид» және «Бавария» командаларында ойнаған. Ол 2017 жылы мансабын аяқтап, бір жылдан кейін мадридтік клубқа жаттықтырушы ретінде оралып, U14 командасын баптады. 2019 жылдан бері «Реал Сосьедадта» жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×