«Арсеналда» ақау көп

18.10.2014, 00:29
«Арсеналда» ақау көп
tmx7w3pVRStPPNU5-lgЕуро-2016 додасының іріктеу матчтары өткендігіне байланысты ағылшын премьер-лигасы екі аптаға тоқтап қалған болатын. Енді міне осы сенбі күні жарыс қайта жанданбақ. Сырт алаңда челсиге 2-0 есебімен ұтылған лондондық арсенал өз алаңында хал ситиді қабылдауға дайындалуда. Осы ойын алдында арсенал бас бапкері Арсен Венгер өз командасында бірнеше футболшы алаңға шыға алмайтындығын ескертті. Арсен ВЕНГЕР  «Арсенал» командасының бас бапкері -         Лоран Косельны өкшесін жарақаттап алды. Сонымен қатар, біз осы кезге дейін Месүт Өзілдің жарақаты бар екенін білмей келіппіз. Енді ол да осы матчқа қатыса алмайды. Тіпті озіл алты апта бойы алаңға шыға алмайтын секілді. Жағымды жаңалықтарға тоқталар болсақ Тео Уолкот пен Серж Гнабри қайтадан жаттығу жасай алатын жағдайға жетті. Сондай-ақ құрамға Микель Артета оралды. Оливье Жиру да жақын арада жарақатынан айығады. Бірақ, бәрібір бізде қорғаныста ақау болады. Себебі Калум Чемберс сары қағазды көп алғанына байланысты бұл ойынға қатыса алмайды. Арсенал – Халл Сити арасындағы матч осы сенбі күні сағат 20-00 де басталады. Бұл ойынды Казспорт арнасының тікелей эфирінен тамашаласаңыздар болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×