Арсеналдың ардагер футболшысы Тьери Анри "Арсенал" сапында көзге түсіп үлгерді

12.01.2012, 02:47
Арсеналдың ардагер футболшысы Тьери Анри "Арсенал" сапында көзге түсіп үлгерді
Ат айналып, қазығын табады деген қағида сәтімен болып, француз шабуылшысы ескі де жаңа команда сапындағы алғашқы ойында жеңіс голын соқты.
Ағылшын кубогының іріктеу кезеңінде төменгі топтағы Лидспен алаңға шыққан Арсенал алғашқы таймда қонақтардың осал тұсын таба алмады. Лондондық клубпен екі айлық келісімге келген Анри 68-ші минутта алаңға шықты. Маруан Шамахты алмастырған футболшы араға он минут салып, жанкүйерлердің алғысын алды. Александр Сонгтың тамаша пасынан кейін шабуылшы қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, Арсеналды келесі кезеңге жетеледі. Сегіз жыл тер төккен командасына, араға үш жыл салып оралған ойыншы бас бапкер мен қалың жанкүйерге осылайша алғыс айтты. Бұл Анридің Арсенал сапындағы 227-ші голы. Футболшы ағылшын клубында 371 матч өткізіпті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×