Мадридің Реалы корольдік кубоктың ширек финалына шықты

12.01.2012, 02:49
Мадридің Реалы корольдік кубоктың ширек финалына шықты
Испания кубогының бірде сегізінші финалындағы қарымта кездесуде Малагаға қонаққа барған Реал қажетті нәтижеге қол жеткізді. 
Сантьяго Бернабеуде өткен алғашқы кездесуде «корольдық клуб» 3:2 есебімен әрең жеңіске жеткен болатын. Малага өз алаңында аянып қалмады. Кездесудің 21-ші минутында алаң иелерінің қорғаушысы Перейра Элисеу қауіпті соққы жасады.Доп тура қақпаны жанап өтіп жанкүйерлерді бір тұрғызды. 45-ші минутта аяқталмаған ісін жалғастырмақ болған Элисеу тұтқиылдан шабуыл жасаған еді. Алайда қақпашысы Икер Касильяс соққының бетін қайтара білді. Кездесудің екінші жартысында Малага қақпашысы Вильфредо Кабальероға кезек келді. Криштиану Роналдоның тепкен добына тосқауыл қойған Кабальеро 71-ші минутта Кәрім Бенземаға шарасыздық танытты. Француз шабуылшысының әлсіз соққысы қақпашыны сан соқтырды. Есеп: 0:1. Реалдың пайдасында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×