ҚАЙРАТ НҰРДӘУЛЕТОВ – «АСТАНАНЫҢ» 2011 ЖЫЛЫНДАҒЫ ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫСЫ

12.01.2012, 02:57
ҚАЙРАТ НҰРДӘУЛЕТОВ – «АСТАНАНЫҢ» 2011 ЖЫЛЫНДАҒЫ ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫСЫ

«Астана» футбол клубының ресми сайтында 2011 жылдың маусымындағы үздік қорғаушыны айқындайтын дауыс беру үрдісі жүргізілді. Дауыс берудің бірінші күндерінде үш ойыншы басқаларды озып кетті – Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов пен Максим Жалмағамбетов. Өздерінің ойындарымен олар команданың жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне ие болып, біздің сайтымыздағы дауыс беру үрдісіне белсенді қатысқан олардың жеке жанкүйерлердің саны де аз емес.

Дауыс берудің қорытындылары бойынша, бірінші орынға ие болған – «Астана» мен Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов, ол үшін дауыс бергендердің 28,88% дауыстарын берді. Қайрат өткен маусымды бірқалыпты жақсы өткізді, ол астаналық команданың да, алаңға капитандық белгімен шығатын Қазақстан құрамасының да ойындарында тұрақты жоғары дәрежеде ойнады. Екінші орында оның қорғаныс орталығы бойынша әріптесі Михаил Рожков орналасты. Оның батыл ойыны, алғырлығы мен ырыққа көнбеушілігі Михаилдің арнайы белгісіне айналуға үлгерді. Оның жауынгерлік белгілерін жанкүйерлер ғана емес, Қазақстан құрамасының бапкерлері де белгілейді. Михаил Қазақстан ұлттық құрамасына үнемі шақырылып тұрады, Еуропа Чемпионатының соңғы іріктеу циклінде ол 10 матчтан 8-ін өткізді. Үшінші орынға астаналық футболының тәрбиеленушісі Максим Жалмағамбетов орналасты. Ұзын бойлы қорғаушының маусым ортасында команданы толықтыруы өте орынды болды. Команда үнемі жарақаттар, алаңнан алыстату мен дисквалификаяға шалдыққан кезді, ол Хольгер Фах үшін алмастыруға келмейтін ойыншысына айналды. Астаналық команданың шабуылының орталығында ойнау қажет болғанда, Максим «Астананы» қиын жағдайдан бірнеше рет құтқарып отырды.

«Астананың» 2011 жылындағы маусымның үздік қорғаушысы

1. Қайрат Нұрдәулетов 28.88%

2. Михаил Рожков 27.95%

3. Максим Жалмағамбетов 23.12%

4. Марк Гурман 9.03%

5. Пиралы Алиев 8.61%

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×