"Арсеналдың" жағдайы қиын

05.11.2015, 09:04
"Арсеналдың" жағдайы қиын
"Бавария" өз алаңында еселеп есе қайтарды.  "Арсенал" екі апта бұрын Гвардиола командасынан айла асырғанымен, қарымта кездесуде ойсырай жеңілді. Алаң иелері бірінші таймда жауапсыз үш гол тоғытса, екінші бөлікте қарқынды бәсендетіп екі голмен шектелді. Ал, "Арсеналдың" еншісінде Жиру соққан жалғыз гол. Осы матчтан кейін Арсен Венгер шәкірттерінің жағдайы мүшкіл. Лондондықтар келесі кезеңге өте алмауы да мүмкін. "Арсеналдың "топтағы жағдайын неміс машинасы ғана емес, "Олимпиакос" та қиындатты. Гректер загребтік "Динамодан" жеңісті жұлып алып, "Бавариямен" қосылып F тобының көшін бастап тұр. "Олимпиакос" топтан шығуы үшін, қалған екі ойында бір ұпай алса жеткілікті. Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. F тобы. "Бавария" — "Арсенал" 5:1 (3:0) Голдар:Левандовски, 10 (1:0); Мюллер, 29 (2:0); Алаба, 44 (3:0); Роббен, 55 (4:0); Жиру, 69 (4:1), Мюллер, 89 (5:1). "Олимпиакос"-"Динамо Загреб" 2:1(0:1) Голдар: Ходжич, 21(0:1). Пардо, 65(1:1). Пардо, 90(2:1)
1   БАВАРИЯ 4 3 0 1 13-3 9
2   ОЛИМПИАКОС 4 3 0 1 6-6 9
3   ДИНАМО Загреб 4 1 0 3 3-9 3
4   АРСЕНАЛ 4 1 0 3 6-10 3

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×