"Зенит" клубының ойыншыларды дамыту жөніндегі бас директорының орынбасары Андрей Аршавин Ресейлік футболшылардың Еурокубоктерге қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ойыншылар жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын, бірақ бұл тақырыпты қазір қозғау орынсыз.
"Қажетті деңгейге сай келетін, шеберлігі жоғары ойыншылар бар. Олар қандай жарыс болмасын барлығына дайын. Бірақ менің ойымша, бұл туралы айтудың өзі қазіргі сәтте мағынасыз. Себебі бұл мәселе әлі шешілген жоқ."
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары УЕФА Ресей клубтарына салынған санкцияларды алып тастау жоспарын әзірлеп жатқаны туралы хабар таратқан еді. Бұл жоспар Ресей командаларының халықаралық ареналарға оралуына жол ашуы мүмкін.
2025 жылдың наурыз айында Ресей футбол одағының президенті президенті Александр Дюков берген сұхбатында, Ресейлік командаларға қойылған тыйымның жуық арада алынуы мүмкін екенін жоққа шығармады.