Артём Дзюба Қазақстан чемпионатына келмейтін болды

01.06.2025, 20:45

36 жастағы шабуылшы Артём Дзюба Тольяттидің «Акрон» клубымен келісімшартын тағы бір жылға ұзартты.

Артём Дзюба Қазақстан чемпионатына келмейтін болды

Бұл туралы клуб өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Ресей футболы тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі — біздің клубтың жейдесінде ең нәтижелі шабуылшы атанған ойыншы — келісімшартты тағы бір маусымға ұзартты!», — деп жазды «Акрон» клубы ресми парақшасында.

Дзюба «Акрон» сапына 2024 жылдың қыркүйегінде қосылған болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, тәжірибелі форвардтың қазіргі нарықтық құны 1,8 миллион еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×