
Алматының «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Гиорги Зария Грузия құрамасына шақырту алды.
«Зария Грузия құрамасына шақырылды. Бүгін ойыншымыз ұлттық құрама орналасқан Тбилисиге келіп қосылды», — деп жазды «Қайрат» клубының Instagram парақшасы.
Грузия құрамасы маусым айында екі жолдастық матч өткізеді:
5 маусым. Фарер аралдары
8 маусым. Кабо-Верде
Гиорги Зария биылғы маусымда «Қайрат» сапында 14 матч өткізіп, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Жартылай қорғаушы 2021 жылы Грузия құрамасында алғаш рет ойнаған. Сол уақыттан бері ұлттық команда сапында 2 матчқа қатысты.
Біздің серіктес: FONBET