
"Манчестер Юнайтед" ресми түрде бразилиялық шабуылшы Матэус Куньяны "Вулверхэмптон Уондерерс" клубынан 62,5 миллион фунт стерлингке сатып алғанын жариялады. Бұл трансфер "Вулверхэмптон" тарихындағы ең қымбат сатылым.
Кунья "Манчестер Юнайтедпен" 5 жылдық келісімшартқа қол қойды, оған қосымша бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
Трансфер сомасы үш реткі төлеммен екі жыл ішінде төленеді. Бастапқыда "Юнайтед” 2029 жылға дейін бөліп төлеуді ұсынғанымен, бұл ұсыныс "Вулверхэмптон” тарапынан қабылданбады.
Кунья "Манчестер Юнайтедте" 10 номерлі жейдені киеді. Бұл нөмір бұған дейін Маркус Рэшфордқа тиесілі болған, бірақ ол клубтан кетуге жақын.
26 жастағы Кунья мансабында “Сьон”(Швейцария), “РБ Лейпциг”, “Герта”(Германия), “Атлетико Мадрид” (Испания) және “Вулверхэмптон Уондерерс” (Англия) командаларында доп тепті.
2024/25 маусымында ол 36 матчта 17 гол және 6 ассист жасады, оның ішінде Премьер лигада 15 гол соққан.
Клуб бас бапкер Рубен Аморимнің басшылығымен құрамды жаңартуды жоспарлап отыр. Өткен маусымда "Юнайтед" Премьер лигада 15-орын алып, соңғы 51 жылдағы ең нашар нәтижені тіркеген.
Біздің серіктес: FONBET