Артуро Видаль кешегі матчта қызыл қағаз алғаны үшін айыппұл төлейді

27.11.2020, 03:13
«Интер» өз тобында 2 ұпаймен соңғы орында тұр.
Артуро Видаль кешегі матчта қызыл қағаз алғаны үшін айыппұл төлейді

"Интердің" жартылай қорғаушысы Артуро Видаль "Реал Мадридпен" болған Чемпиондар лигасының 4-ші тур матчында (0:2) ойыннан қуылғаны үшін клуб тарапынан қатаң жазаланады, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Чилилік футболшы команданы қиын жағдайда қалдырғаны үшін үлкен көлемде айыппұл төлейді.

Кездесу Миландағы "Сан-Сиро" ("Джузеппе Меацца") стадионында өтті. Кездесудің 7-ші минутында Эден Азар пенальтиден оол соғып, есеп ашты. 33-минутта Видаль қарсыластың айып алаңында Варанмен және Модричпен болған қақтығыстан кейін көгалға құлады. Төрешімен болған даулардан кейін чилилік ойыншы екі сары қағаз алып, алаңнан кетті.

Екінші таймда мадридтік клубтың басымдығын алаңға қосалқы құрамнан шыққан Родриго еселей түсті. Лукас Васкес оң қапталдан алыс бұрышқа қарай пас асырды, ал Родриго допқа бірінші жетіп, жақын қашықтықтан қақпаны дәл көздеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×