АСХАТ АСТАНАҒА КЕТПЕЙДІ

06.01.2015, 19:51
АСХАТ АСТАНАҒА КЕТПЕЙДІ
тагыберген«Ақтөбе» футбол клубының  жартылай қорғаушысы   ғаламтор желілерінде өзінің   «Астанаға» ауысатындығы   жөнінде  тараған   қауесетке  таңданысын  білдірді.  Асхат Тағыбергеннің  айтуынша, оның  таяу арада  ешқайда ауысу  туралы ойы жоқ  деп жазады Vesti.kz.
 - Мен отбасыммен  шет елде демалып жүргенмін, әлеуметтік желі арқылы өзімнің басқа клубқа ауысатындығымды   білдім. Таң қалдым.  «Астана» командасына ауысу жөніндегі әңгімелердің барлығы – қауесет. Мен «Ақтөбе» клубында қаламын.  Бұл команда менің ойымнан шығады. Қолдау білдіргені  үшін  клуб пен облыс басшылығына рахметімді айтамын. Маусым соңында менің «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартымның уақыты аяқталған, алайда біз  оны екі жылға ұзарттық,- деп мәлімдеді Тағыберген. Асхат Тағыберген өз мансабын  «Қайсар» командасынан бастаған. 2008 және 2012 жылдар аралығында  қызылордалықтар сапында өнер көрсетті.  Ал ақтөбеліктермен  келісімшартқа  2014 жылы қол қойған. Осы жылы Асхат  Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ойнады. Ол Венгрия құрамасымен  жолдастық кездесуге шақыртылған болатын. Естеріңізге сала кетелік, «Ақтөбе»  маусым қорытындысы бойынша ел чемпионатынан  екінші орын иеленді.  Қазақстан кубогында  ақтық мәреге дейін жеткенімен, алматылық «Қайрат» командасына есе жіберді. http://kerek-info.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×