"Астана" "Ақтөбеден" басым тұр

22.09.2014, 23:18
"Астана" "Ақтөбеден" басым тұр
Қазақстандық букмекерлік кеңселердің беріп отырған бағаларына тоқталатын болсақ, "Астана" командасы "Ақтөбеден" басым болып тұр. Айта кететін болсақ, бұл екі команда арасындағы матч 24-қыркүйек күні "Астана-арена" стадионында өтеді. Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы матчында елордалық ұжым жеңіске жетеді дегенге кеңселер 2 коэфицент беріп отыр. Ал қонақтарға 3,15-коэфицент. Бұл командалар арасындағы матчты сіздер "ҚазСпорт арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Матчтың басталуы сағат 18-00. Комментаторлар - Ермұхамед Мәулен мен Андрей Лицов. Тура сол күні сонымен қатар, қарағандылық "Шахтер" өз алаңында "Қайратты" қабылдайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×