"Ордабасы" футбол клубының жартылай қорғаушысы Қайрат Әшірбеков келе жатқан 27- тур ойындарында алаңға шықпайтын болды. Өйткені, ол 26-турда қызыл қағаз алып алаңнан қуылған еді. Сонымен қатар, қорғаушы Эндрю Мвесигва да көп сары қағаз алғанына байланысты ойынға қатысу құқығынан айырылды. Эндрю "Қайратпен" болған ойында өзінің 4-сары қағазын алыпты. Енді шымкенттік команда осы екі футболшысыз қарағандыда "Шахтерге" қарсы ойнайды.