Хедира "Арсеналға" ауыспақ

22.09.2014, 22:34
Хедира "Арсеналға" ауыспақ
"Реал" Мадрид командасының орталық жартылай қорғаушысы Сами Хедира жақын арада "Арсенал" командасына ауысуы мүмкін. Ол жайлы "Дэйли Мэйл" газеті жазды. Әлем чемпионатында алған жарақатынан әлі айықпаған футболшыны Арсен Венгер өз командасына алуға асық. Жаңа жылдан кейін Хедира "зеңбірекшілер" сапында алаңға шығуы да мүмкін. трансфер құны 14 миллион болады делінуде. Өйткені, екі клуб осы сомаға келісіпті-міс.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×