«Астана» «Ақтөбені» ұзатып алды

24.06.2013, 22:47
«Астана» «Ақтөбені» ұзатып алды
астанаФутболдан ел біріншілігінің кезекті туры аяқталып көш басындағы «Ақтөбе» өзгелерден қара үзіп кетті.

Бұл турда көшбасшының өзгеруі мүмкін еді. Ол үшін Ақтөбе жеріне келген астаналық командағы жеңіске жету жеткілікті еді. Алайда, бәрі керсінше болып чемпионаттың бірінші командасы екіншісінен  бес ұпаймен ұзап кетті.

 «Ақтөбе» - «Астана» 2:1

 Голдар: Кападзе 15, 1:0, Кападзе 17, 2:0, И. Қуат 54, 2:1

Жоғарғы орындардың біріне жайғасуды көздейтін Алматының «Қайраты» Жайық  жағасынан жалқы ұпай ұстап қайтты. Түрік жерінде тәуір ойнап жүрген жерінен кері  қайтқан, еліміздің ең танымал ойыншыларының бірі Самат Смақов бастаған жігіттер қаржыдан қысылып жүрген «Ақжайық» қақпасынан саңлау таппай дал болды.

 «Ақжайық» - «Қайрат» 0:0 Соңғы кездері тұрақты ойын көрсетіп жүрген  «Ордабасы» бұл жолы да білгенінен жаңылмады. Қостанайдан келген қонақтар да қарымды қарсылық көрсете алмады.   «Ордабасы» - «Тобыл» 1:0 Гол: Юнузович 16, 1:0   Өз алаңында да, түзде де ұпай жоғалтып жүрген  «Тараздың» жағдайын ел мақтаған  Арно Пайперс те түзей алар емес. Бұл жолы «Таразға» тізесін батырған- шығыстың командасы.   «Восток» - «Тараз» 1:0 Гол: Ньянг   Ел чемпионы «Шахтердің»  қақпасына «Атырау» салған қос гол ұпайға иелік ету үшін жеткіліксіз болды. Ел біріншілігінің сұрмергені Игорь Зенькович жаңа командасын өрге сүйреген бұл ойынды Дәуренбек Тәжімбетовтың да қанжығасы майланды.   Голдар: Джидич 8, 1:0, Тәжімбетов 50, 2:0, Чуреев 59, 2:1, Зенькович 74, 3:1, Нұрыбеков 81, 3:2   Қаржыдан қысылып жүрген тағы бір команда «Жетісуға» жарайсыңнан басқа айтарымыз жоқ. Өткен турда «Ақтөбемен» болған ойында ұпай ұстаған жетісулықтар бұл жолы «Ертісті» есеңгіретіп ерлік жасады. Керекуде керек нәтижеге қол жеткізген «Жетісу» екі орынға көтерілді. «Ертіс» - «Жетісу» 0:1 Гол: Саломов, 94 today.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Байқау қорытындысы
Серіктес жаңалықтары
×