ҚАРАҒАНДЫҒА "БАТЭ" КЕЛЕ ЖАТЫР

24.06.2013, 21:51
ҚАРАҒАНДЫҒА "БАТЭ" КЕЛЕ ЖАТЫР

БАТЭҚарағандылық "Шахтер" футбол клубының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды. Екінші іріктеу ойынында кеншілер командасы белоруссиялық "БАТЭ" ұжымымен кездеседі. Естеріңізде болса, былтырғы Чемпиондар лигасында өз алаңында кәрі құрлықта жеңімпаз атанған "Баварияны" 3:1 есебімен тас-талқанын шығарған. Белоруссияның 9 дүркін чемпионы. Сонымен қатар Беларусь футбол тарихында Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған жалғыз ұжым. Алғашқы ойын Борисовта 16/17 шілдеде болса, қарымта ойын 23/24 шілдеде Қарағандыда болады. Салыстырмалы түрде қарасақ, Борисовтегі стадион 5,5 жанкүйерді сыйдырса, Қарағандыдағы орталық стадион 19 мың фанатты сыйдыра алады екен. Демек біздің жанкүйерлер белорусстарға қарағанда 3 есе мықты қолдау көрсете алады. Алайда соңғы жылдары сырт алаңда да, өз алаңында ешкімнен қаймықпай жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген белоруссиялық ұжымның Еуропа төріндегі тәжірибесі біздікіне қарағанда басымдау. "Ақжайықтан" "айлық төленбейді" деген сылтаумен белоруссиялық сұрмерген  "Шахтер" құрамына ауысқан Игорь Зенькович өз отандастарына қарсы қалай ойнайтынын уақытында көре жатармыз. Қайткен күнде де ә дегенде "БАТЭ"-нің түсіп қалғаны қиындау болды. Бюджеті небәрі 9-10 млн АҚШ доллары болғанымен құрамында 90 пайыздан астамы белорусстардан құралған бұл команданың деңгейі мықты.

Руслан БАҚЫТЖАН, "Аладоп-ақпарат"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×