Аталмыш ұйымдар ұсынған дерекке сенсек, футболдан Англияның Премьер-лигасында күш сынасып жүрген «Манчестер Сити» әлемдегі ең бай команда екен. Аталмыш клубтың әр ойыншысы орта есеппен алғанда жылына 5,2 миллион фунт стерлинг көлемінде еңбекақы алады. Оған таңдануға болмас. Өйткені бұл команданың қожайыны Біріккен Араб Әмірлігінің азаматы, әйгілі «Әбу-Даби Юнайтед групп» компаниясының басшысы – Мансұр Ибн Зайд әл-Нахайян. Тізгінді араб миллиардері ұстағалы бері «Манчестер Ситидің» қаржылық жағдайы күрт жақсарды. Олар бірқатар белді футболшылармен келісiмшарт жасап, бұл күндері қарт құрлықтағы азулы клубтардың біріне айналды.Екінші орында – АҚШ-тың «Лос-Анджелес Доджерс» командасының бейсболшылары. Олардың әр ойыншысына 4,86 миллион тиесілі. Үшінші сатыға Мадридтің «Реалы» табан тіреп тұр. Испания біріншілігінде өнер көрсететін футболшылар 4,718 миллионды қалтаға басады. Сондай-ақ Испанияның «Барселона» (4,69 миллион, футбол), АҚШ-тың «Нью-Йорк Янкис» (4,649 миллион, бейсбол), Италияның «Милан» (4,251 миллион, бейсбол), Лос-Анджелес Лейкерс (4,09 миллион, баскетбол), Англияның «Челси» (4,058 миллион, футбол), Германияның «Бавария» (4.0 миллион) және Италияның «Интер» (4,0 миллион, футбол) сынды командалары үздік «ондықтың» санатында.
Біздің серіктес: FONBET