«Астана Арена» стадионында арнайы экспресс-шаттл іске қосылады

01.03.2015, 00:28
«Астана Арена» стадионында арнайы экспресс-шаттл іске қосылады
Қазақстанның Футбол федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы Қазақстан Суперкубогы үшін автобустардың қозғалыс кестесін әзірледі, деп хабарлайды хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Жанкүйерлердің «Астана Арена» спорт кешеніне баруын ыңғайлы ету үшін қосымша экспресс-шаттл іске қосылды. Автобустар Астаналық цирктің автотұрағында сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін тұрады. Бұрын хабарланғанындай, Астана қаласының әкімдігі 1 наурызда «Қазақстан» спорт кешенінен және «Жастар» сарайынан «Астана Арена» стадионына дейін екі автобус бағдарын ұйымдастырады. Бұл автобустар сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін тұрады. Естеріңізге саламыз, Қазақстан Суперкубогы аясында «Астана» және «Қайрат» командалары арасындағы матч 1 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.   BNews.kz    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×