«Атлетико» Әзірбайжан басшылығымен келісімшартын ұзартпайтын болды

01.03.2015, 00:22
«Атлетико» Әзірбайжан басшылығымен келісімшартын ұзартпайтын болды
Жаңа маусымнан бастап танымал мадридтік «Атлетико» «Azerbaijan. Land of Fire» жазуы жазылған жейделерін киіп шықпайды. Бұл туралы Әзірбайжанның azerisport порталы хабарлап отыр.

Испандық клуб пен Әзірбайжан үкіметі арасындағы демеушілік келісімшарт осы маусым соңында аяқталады. Қазіргі таңда екі жақ келіссөз жүргізгенімен, келісімге келе алмаған. Нәтижесінде мадридтік ұжым алдағы уақытта жаңа демеуші іздейтін болады. Кей ақпараттар бойынша, клубқа Түркияның «Turkish Airlines» әуекомпаниясы демеуші болуы мүмкін екен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Диего Симоене шәкірттері келісімшартқа сәйкес, Бакуде өтетін Еуропа ойындарының жарнамасы жазылған жейдемен өнер көрсетуде.

Массагет.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×