Еуропа лигасында ресейлік және украиналық клубтар қарсылас атанбады

01.03.2015, 00:20
Еуропа лигасында ресейлік және украиналық клубтар қарсылас атанбады

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасының жеребесі тартылды. УЕФА шешімімен Ресей және Украина елдерінің клубтары бір-біріне қарсылас атанбады. Себебі, саясат «салқыны» спортты да айналып өтіп жатқан жоқ.

Еуропа лигасында екі ресейлік, екі украиналық клуб бар. Кеше Францияның «Генгам» командасымен өткен ойында киевтік «Динамоның» жанкүйерлері тәртіпсіздік танытып, Ресей туын алаңда өртеп, төбелес шығарды. Мұның барлығын ескерген УЕФА басшылығы екі ел клубтарының бір-бірімен кездеспеуіне шешім шығарған.

Сонымен ширек финалда мәскеулік «Динамо» Неапольдың «Наполиімен», «Зенит» «Ториномен» (Италия) кездесетін болды. Ал киевтік «Динамоның» қарсыласы болып ағылшындық «Эвертон» түссе, «Днепр»амстердамдық «Аякспен» ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

2014 жылы Еуропа лигасын жеңіп алған «Севилья» ескі қарсыласы «Вильярреалмен» кездесетін болды. Қос испандық клубтан өзге, қос италиялық ұжымдар да бір-біріне қарсылас атанды. Флоренцияның«Фиорентинасы» римдік «Ромамен» жолдамаға таласады.

Бундеслигада сәтті өнер көрсетіп келе жатқан «Вольфсбург» миландық «Интерге» қарсылас атанды. Ал 1/16 финалда ағылшындық «Ливерпульді» сүріндірген түркиялық «Бешикташ» «Брюггемен» кездесетін болды.

Айта кетейік, 2014/2015 жылғы Еуропа лигасының финалы Польша астанасы Варшавада өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×