Моро мен Нөсербаев ертеңгі матчқа қатыспайды

01.03.2015, 00:17
Моро мен Нөсербаев ертеңгі матчқа қатыспайды
Алматылық «Қайраттың» жаңа футболшысы ганалық Ибрахим Моро мен «Астананың» белді ойыншысы Таңат Нөсербаев ертең өтетін Қазақстан Суперкубогының матчында өз командаларына көмектесе алмайды. Бұл туралы «Астана» - «Қайрат» матчының алдында баспасөз-мәслихатында қос клубтың бас бапкерлері мәлім етті. Моро «Қайрат» сапына осы трансфер уақытында швециялық АИК-тан ауысып келді. Ал Нөсербаев былтыр «Астананың» чемпион атануына үлкен көмегін тигізген болатын. Өткен маусымда 42 матчқа қатысып, 11 рет көзге түскен. Естеріңізге сала кетсейік, Қазақстан Супербогы 1 наурызда елордалық уақытпен 15:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×