«Астана» белоруссиялық клубтың тас-талқанын шығарды

22.02.2021, 02:57
«Астана» бұл кездесуде голды қарша боратты.
«Астана» белоруссиялық клубтың тас-талқанын шығарды

"Астана" Түркиядағы ОЖЖ аясында бресттік "Рух" клубымен кездесті. Матч 6:2 есебімен елордалық клубтың пайдасына шешілді. "Астана" сапынан Смайлагич (13', 77'), Бейсебеков (28'), Барсегян (39'), Рукавина (45') және Томасов (56') мергендігімен көзге түсті.

"Астананың" негізгі құрамы: Непогодов - Совет, Ароян, Томашевич, Шимунович, Рукавина - Бейсебеков (к), Эбонг - Барсегян, Томасов, Смайлагич.

Айта кетейік, Андрей Тихонов шәкірттері бұған дейін төрт кездесу өткізді. "Химкиден" оңбай ұтылды (4:1), "Чайка" клубынан басым түсті (2:1), "Балтикамен" тең ойнады (3:3), ал "Торпедоға" есе жіберді (1:2).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×