"Астана" Чемпиондар Лигасының жиынтық кестесінде 110-шы орында

27.01.2017, 07:39
"Астана" Чемпиондар Лигасының жиынтық кестесінде 110-шы орында
УЕФА-ның ресми сайтында Чемпиондар Лигасының соңғы 25 жылда клубтардың жинаған ұпай есебі көрсетілген жиынтық кестесі шықты. Жалпы бұл кестеде 1992-жылы "Чемпиондар Кубогі" деп аталатын кезден бастап есептелінген. Тізімді 319 ұпайы бар "Реал Мадрид" командасы бастап тұр. Екінші "Барселона"(315), одан кейін "Бавария"(284) жайғасқан. Үздік бестікке ағылшындық "Манчестер Юнайтед"(272) және "Арсенал"(207) кіреді. Елордалық "Астана" командасы 4 ұпаймен 110-шы орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен біздің команда ағылшындық "Блэкберннен", франциялық "Монпельеден", голландиялық "Херенвеннен"  тағы да басқа бірнеше айтулы командалардан жоғары орналасқан. 2015-2016 жылғы маусымда "Астана" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ел чемпиондарынан басқа бұл топта "Атлетико Мадрид", "Бенфика", "Галатасарай" сынды командалар  өнер көрсетті. 6 ойында Станимир Стойлов шәкірттері 4 ұпай жинаған болатын. Өз алаңымызда ешбірінен жеңілмеді. Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×