«Астана» екі легионердің командадан кеткенін хабарлады

03.01.2022, 00:24
Келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.
«Астана» екі легионердің командадан кеткенін хабарлады

Албаниялық қорғаушы Энео Битри мен босниялық шабуылшы Семир Смайлагич «Астанадан» кетті, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

Энео Битри командаға 2021 жылы жазда қосылды, содан бері 18 ойынға қатысып, 2 гол соқты. Босниялық шабуылшы Семир Смайлагич «Астана» құрамында 13 рет алаңға шығып, маусымның екінші жартысында «Қызыл-Жар» командасында жалдау шарты бойынша ойнаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×