«АСТАНА» КЕЛІСІМШАРТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫП ЖАТЫР

03.02.2012, 03:44
«АСТАНА» КЕЛІСІМШАРТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫП ЖАТЫР
«Астана» футбол клубының бірінші жиыны Түркияда өтіп жатыр, бірінші голдар, бірінші ойын, бірінші машықтандыру туралы жағалықтар келіп жетті, ал енді командамен жиында қол қойылған келісімшарттар туралы да жаңалықтар жетіп келді. Команданың жанкүйерлері бірнеше қазақстандық ойыншылармен келісімшарттар жасалынған туралы жаңалықты қуанышпен қарсылап алады деген үміттеміз. Танат Нусербаев пен Алексей Белкин клубпен өздерінің келісімшарттарының мерзімін ұзартты. Онымен бірге «Астана» жаңадан келген үш ойыншымен келісімшарт жасасты. Жаңа маусымда Сергей Остапенко, Ұлан Қонысбаев пен Мұхтар Мұхтаров астаналық жанкүйерлерді өз ойынымен қуантады. Дегенмен клубтың толыққанды жаңадан келген ойыншы деп тек Мұхтар Мұхтаровты айта аламыз, ал алғашқы екеуі елордалық командада ойнаған болатын. Алексей Белкиннің атымен біздің командамыздың соңғы екі жыл ішіндегі ең маңызды жеңістері байланысты. 2010 жылы елордалықтар еліміздің кубогін жеңіп алған кезде, Алексей кубоктік ойындарда бірде-бір допты жіберіп алған жоқ-ты, бұл елордалық клубқа соншалықты құрметті олжаға қол жеткізуге көмектесті. Өткен маусымда Белкин елордалық клубының қақпаларын Қазақстан Суперкубогінде құрғады. Алексейдің салмақты ойыны астаналық командаға 2:1 есеппен жеңіп алуға мұмкіндік беріп, команданың құрметті олжалардың қорын молайтты. Өткен жылы Танат Нусербаев «Астанаға» өткенде, біздің жанкүйерлеріміз осы ойыншыны сақтықпен қарсылап алды. 2010 жылдың маусымында ол «Ордабасының» құрамында сирек ойнап жүрді, ол өз үшін жаңа команданың құрамында өзін көрсете алады ма екен? Бұл сұраққа Танат өзінің алғашқы матчында жауап берді, ол кезде ол «Ордабасымен» матчта алмасуға шығып, шешуші голды өзінің бұрынғы команданың қақпасына салды. Ал келесі «Ақтөбемен» үй матчында ол өз командасына қайтадан жеңіс алып келіп, футболдың астаналық жанкүйерлерін жүректерін толығымен жаулап алды. Ұлан Қонысбаев өткен маусымның бірінші жартысында «Астанада» ойнап жүріп, Қазақстан Суперкубогін жаулап алуға көмектесті. Кейін Ұлан қарағандылық «Шахтерге» өтіп, онымен бірге ол еліміздің чемпионына айналып, Еуропа Лигасының біліктілік ойындарына қатысты. Өткізілген төрт ойынында Қонысбаев екі рет гол салды. Онымен бірге ол өткен маусымда Қазақстан құрамасының құрамында Стамбулда гол салды, түрік құрамасының қақпасына жіберілген голды қазақстандық жанкүйерлер әлі көп уақыт бойы естеріңде сақтайды. Ұлттық Футбол Лигасы Ұланды өткен маусымның үздік футболшысы мен үздік оң жартылай қорғаушы деп таныды. Мұхтар Мұхтаров та өткен маусымды өзінің пайдасына сала алады. «Ордабасымен» бірге Мұхтар Қазақстан Кубогін жаулап ала алды, онымен бірге «Тоболмен» соңғы матчында Мұхтар бақталастың қақпасына өз командасына жеңіс әкелген гол салды. Құраманың бас бапркер Мирослав Беранектің шеңберінде ол негізгі ойыншыға айналып, іріктеу кезеңіндегі біздің командамыздың жаз-көктем компаниясының барлық ойынын ойнап шықты, тек біреуін ол жарақат себебінен жіберіп алуға мәжбүр болды. «Астана Аренада» Сергей Остапенконың 2010 жылдан бастап мықтыс оққылары орындалды, ол кезде ол астаналық команданың құрамында ойнап жүрді. Осы маусымда ол біздің командамыздың бақталастарының қақпасына 7 гол салып, командамен бірге еліміздің Кубогін жеңіп алды. 2011 жылы ол талдықорғандық «Жетісуның» құрамына кетіп қалды. Осы командамен Сергей Қазақстан Чемпионатының күміс медальдерін жеңіп алды. Жетісулық команданың құрамында болып, ол ресми ойындарда 6 гол салды. Тағы да екі голды ол Қазақстан құрамасының құрамында жүріп, қақпаға жіберіп, еліміздің басты командамыздың құрамында салынған голдардың санын 6-ға жеткізді. Біздің командамыздың бірінші жиыны ертен 21 қаңтарда аяқталады. Ал бүгін, біздің командамыз екінші бақылау ойынын өткізеді. Естеріңізге сала кетсек, астаналықтардың бақталасы ретінде алаңға молдав клубы «ЦСКА-Рапид» шығады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×