«АСТАНА» «ЦСКА-РАПИДТІ» ЖЕҢДІ

03.02.2012, 03:43
«АСТАНА» «ЦСКА-РАПИДТІ» ЖЕҢДІ
«Астана» 2012 жылдың өзінің екінші ойынында жеңіске жетті, оған қоса жеңіс сенімді болды. Елордалық команданың бақталасы болып молдав «ЦСКА-Рапид» алаңға шықты, матч қазақстандық команданың жеңісімен 2:0 есеппен аяқталды. Екі гол да екінші таймда салынды – біріншісі Ұлан Қонысбаевтың орындауындағы бұрыштық соққысынан кейін Сергей Гридин допты қақпаға айналып жіберді, ал екіншісі матчтың соңында Пиралы Алиевтің орындауындағы жақсы пасынан кейін, Сергей Остапенко айып алаңының бұрышынан дәл гол орындады. http://fca.kz Бірінші таймды команда шаршау мен жиын соңына қарай жиналған эмоционалды жүк себебінен байсалды өткізді. Екінші таймда «Астана» екпінді   Арттырып, молдав командансының қақпашысын екі рет өкіндіруге үлгерді. Сергей Остапенко мен Пиралы Алиев ойынға жақсы кірісіп кетті. Олег Протасов байқауға қатысатын краснодарлық «Кубань» командасының жас қорғаушысы Виктор Дмитренкоға өзін көрсету мүмкіндігін берді, оның өзінің 20 жасына қарамастан, Ресей Премьер-Лигасы мен Молдова чемпионатының жоғарғы дивизионына қатысу тәжірибесі бар. Осы ойынға «Астана» келесі құрамда қатысты: Эрич, Гурман, Мұхтаров, Дмитренко, Рожков, Нусербаев, Шахметов, Нұрдәулетов (Алиев 70), Қонысбаев, Петрониевич (Остапенко 46), Гридин. Ертең команда қысқа демалысқа үйлеріне жіберіледі, одан кейін өздерінің екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады, осы жиын да бірінші сияқты түрік Анталиясында өтеді. http://fca.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×