"Астана" клубының футболшысы Бірінші лиганың командасына ауысуы мүмкін

13.06.2025, 17:30

«Ертіс» командасы «Астана» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовке қызығушылық танытты.

"Астана" клубының футболшысы Бірінші лиганың командасына ауысуы мүмкін

Павлодар клубының басшылығында орын алған өзгерістерден кейін, команда трансферлік саясатты қайта қарастырып отыр. Биылғы жазда «Ертіс» Премьер-Лигада ойнайтын футболшыларды қатарға қосу арқылы құрамын күшейтпек.

Осы бағыттағы маңызды трансфердің бірі ретінде ұлттық құрама мен «Астананың» ойыншысы Арман Кеңесов қарастырылып отыр. Ол командаға Қазақстан Премьер-Лигасына жолдама алуға көмектесе алады деген үміт бар.

Айта кетейік, Арман Кеңесов биылғы маусымда «Астана» сапында бар болғаны бес ойынға қатысқан. Жалпы алғанда ол алаңда 121 минут өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×