«Астана» либериялық шабуылшыны керек қылмады

22.06.2022 13:18 ҚПЛ

Футболшы бұрынғы командасына қайта оралды.

«Астана» либериялық шабуылшыны керек қылмады

Fotomaç басылымының хабарлауынша, «Хатайспордан» жалға алынған «Астананың» либериялық шабуылшысы Мохаммед Камара түркиялық клубқа қайта оралады.

«Камара «Хатайспорға» оралды. «Астана» футболшыны 1 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігін пайдаланбады және либериялық шабуылшыны өз командасына қайтарды. 24 жастағы вингер осы маусымда елордалық клуб сапында небәрі 2 матч өткізді», - деп жазады дереккөз.

Айта кету керек, бұл ойыншы қатысқан ҚПЛ матчтарының бірінде («Шахтермен» болған ойын) легионерлер санының артық болуына байланысты «Астанаға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Ойынның 80-минутында қосалқы құрамнан шыққан Камара алаңда жүрген жетінші легионер ретінде тіркелген болатын.

0 пікір