Милан Миланович: «Біз кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз»

22.06.2022, 18:00
Қостанайлық клубқа себеттегі ең мықты команда түсті.
Милан Миланович: «Біз кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз»

«Тобылдың» бас бапкері УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе нәтижесі туралы пікір білдірді:

- Чемпиондар лигасында біз аты аңызға айналған будапешттік команда «Ференцварошпен» кездесеміз. Бұл өзінің дәстүрі қалыптасқан, тарихы тереңде жатқан клуб. «Ференцварошта» 24 легионер өнер көрсетеді және команданы белгілі маман Станислав Черчесов жаттықтырады. Өткен маусымда бұл клуб «Кишвардадан» 12 ұпай алға озып, 33 дүркін Венгрия чемпионы атанды.

Біз кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз. «Ференцварош» - өте мықты ұжым, бірнеше жылдан бері бір құраммен ойнап келеді. Әрине, мұндай тәжірибелі команданы жеңу оңай емес, бірақ біз оларға қарсы сәтті ойнауға тырысамыз. Әсіресе, өз алаңымызда, Қостанайда жеңіске жеткіміз келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×