«Астана» ойыншысы Ресейлік клубтың назарына ілікті

17.11.2020, 16:37
Футболшы жақында ұлттық құрамадағы дебюттік голын соққан еді.
«Астана» ойыншысы Ресейлік клубтың назарына ілікті

"Астана" мен Беларуссия құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонгтың агенті Михаил Лебедев ойыншыға Ресей клубтарының қызығушылығы туралы пікір білдірді.

Атап айтқанда, бұған дейін 21 жастағы футболшы мәскеулік "Локомотивтің" назарын аударғаны туралы хабарланған болатын.

"Қазір Макс "Астанада" ойнайды және ол осында келгеніне қуанышты. Әрине, мен Ресей клубтары мен "Локомотивтің" қызығушылығы туралы естідім. Бірақ қазіргі уақытта бізге ресми ұсыныс түскен жоқ. Біз ынтымақтастық пен ұсыныстарды талқылауға дайынбыз", - деді футболшының агенті.

Эбонг "Астанаға" ауыспас бұрын "Шахтер Солигорск" сапында ойнады. Қазақстан чемпионатының ағымдағы маусымында жартылай қорғаушы 14 кездесу өткізді. Және Беларуссия құрамасында өткізген жеті кездесуі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×