27 жастағы сербиялық қорғаушы Урош Радакович "Астанадан" кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Футболшының алты айлық жалдау келісімі аяқталып, ол Прага "Спартаға" қайта оралды. Ол "Астана" сапында 14 матч өткізіп, 2 рет ескерту алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін беларуссиялық жартылай қорғаушы Иван Маевский де елордалық командадан кеткен болатын.
"Астана" Радаковичті ресейлік "Оренбургтан" алған еді. Бірақ қорғаушы "Спарта" клубына тиесілі.
Біздің серіктес: FONBET