«Астана» соңғы бес айдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

22.08.2020, 22:55
«Астана» соңғы бес айдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Оқжетпес» командасынан басым түсті. Матч Талғар қаласында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Бірінші голды Рунар Мар Сигурьонссон соқты, ол бірінші таймға қосылған қосымша минутта пенальтиді сәтті орындады 80-минутта Сигурьонссон нәтижелі пастың авторы атанды - бірнеше минут бұрын алаңға шыққан Дидар Жалмұқан гол салды.

Осы жеңістің арқасында «Астана» он ұпай жинап, «Ордабасы» (10 ұпай) клубымен теңесті. «Қайрат» (15 ұпай) - турнирдің көшбасшысы, «Оқжетпес» осы маусымда әлі ұпай жинай алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×