«Астана» «Жетісуды» ірі есеппен жеңді

28.09.2020, 01:01
«Астана» «Жетісуды» ірі есеппен жеңді

Елордалық "Астана" Премьер-лиганың 11-турында Талдықорғандық "Жетісуды" ойсырата жеңді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3-0 есебімен аяқталды.

Ойынның 38-минутында Жарко Томашевич Марин Томасовтың пасынан кейін есеп ашты. 66-минутта Томашевич дубль жасады. Бұл жолы нәтижелі пас Сигурьонссонға жазылды. Бір қызығы, қорғаушы екі голды да баспен соқты. 77-минутта Бейсебеков матчтың нүктесін қойды.

Ірі есеппен жеңген "Астана" 21 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Жауапсыз үш гол жіберген "Жетісу" 16 ұпаймен бесінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×