Астаналық футболшылар Украинаның «Говерла Закарпатье» командасын 2:0 есебімен ұтты

21.02.2012, 00:29
Астаналық футболшылар Украинаның «Говерла Закарпатье» командасын 2:0 есебімен ұтты
 Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы Анталия қаласында 18-19 ақпан күндері украиналық және румыниялық аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді.Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар Украинаның Бірінші лигасында өткен маусымда  6-ншы орын алған Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье»  командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Ал былтыр Румынияның Екінші дивизионында 9-ыншы орын алған Арад қаласының «УТА» командасымен 0:0 есебімен тарасты. Астаналықтардың келесі кездесуі 21 ақпанға жоспарланып отыр. Клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, әзірге қарсыластың кім болатыны белгісіз. Ужгродтықтар енді 23 ақпанда Алматының «Қайрат» футбол клубымен күш сынаспақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Хиддинг – «Анжиде»
Серіктес жаңалықтары
×