«Қайрат» екі кездесу өткізді

21.02.2012, 05:23
«Қайрат» екі кездесу өткізді
Бүгін «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынының аясындағы екі жолдастық кездесуін өткізді. Қарсыластары «Доңи Срем» (Сербия) және Калиниград қаласының «Балтика» клубы.   Сербтерге қарсы ойында жерлестеріміз 0:3 есебімен жеңілді. Екінші ойын тең аяқталды. «Доңи Сремге» қарсы Қайрат мына құрамда ойнады:Нұрмұхаметов, Воротников, Яковлев, Күнов, Джефтон, Балтиев (Калинин, 60), Халықов, Эредия, (Құсайынов, 60), Әубакіров, Мансуров (Гоу, 60) "Балтикаға" қарсы мына футболшылар алаңға шықты: Шабанов, Акйылдыз, Джорджевич, Харабара, Жолдасов, Шестаков, Дафф, Сахалбаев (Калинин, 73), Розыбакиев (Мамонов, 73), Кнежевич, Йованович. Енді 22 ақпанда команда Белгородтың «Салют» клубына қарсы екі бақылау матчын өткізеді. fckairat.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×