"Тараз" бен "Химки" тең тарқасты

21.02.2012, 05:24
"Тараз" бен "Химки" тең тарқасты
"Химки" мен "Тараз" тең тарқасты. Дегенмен, жерлестеріміз үшін бұл ойын сәтсіз аяқталды.   Ойын "Тараз" үшін бірден сәтсіздікпен басталды. Допты өз айып алаңынан асырып жіберуді көздеген Нұртас Кургулин сан бұлшықетін тартып алды. Команда дәрігері Равшан Әшіровтың сөзіне сенсек, Нұртастың қайта бабына келуі үшін бір аптадан астам уақыт кетуі мүмкін. Ал ойын тең дәрежеде басталып, тең дәрежеде өрбіді. Дегенмен, бірінші таймда "Химкиде" гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Екінші таймда есепті бірінші болып, қарсыластар ашқан. 61-минутта қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс, экс-"атыраулық" Виталий Шумейко есеп ашса, 83-минутта айып добын керемет орындаған Эдуард Сергиенко есепті теңестіріп кетті. "MIRACLE" қонақүйінің футбол алаңында өткен бұл матчта командалар алаңға мына құрамда шықты. «Тараз» ФК: Оштракович (Цветков), Кургулин (Айтбаев), Кучма (Мүмінов, Әмірханов), Мехмедович, Ахметов (Соболев), Бауыржан (Сергиенко), Диакате, Вукман (Перич), Пртеняк, Лечич (Қарпық) «Химки» ФК: Нигматуллин, Наваловский (Татоян, Тюнин), Шумейко, Ефимов, Тимофеев, Дебле (Шестаков), Мицейка (Намашко), Воронкин (Мавлетдинов), Алексанян (Диоп), Романенко (Рыжов), Мамтов (Воскобойников) Енді жерлестеріміздің келесі ойыны ақпанның 25-інде өтеді. "Тараз" Ресей бірінші лигасында 12-орында келе жатқан "Волгарь-Газпромға" қарсы ойнайды. Бұл "Тараз" үшін осы жиындағы соңғы жолдастық кездесу болмақ. "Тараз" ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×