“Астананың” экс-ойыншысы Венгрия чемпионаты атанды

2023/24 жылғы маусымда “Астананың” намысын қорғаған Степан Лончар "Ференцварошпен" Венгрия чемпионы атанды.

“Астананың” экс-ойыншысы Венгрия чемпионаты атанды

Венгриялық ұжым  6 рет қатарынан ішкі чемпионатта топ жарып отыр. 29-турда 65 ұпай жинаған Будапешт ұжымы "Пакш" клубынан 15 ұпайға озып мерзімінен бұрын ел біріншілігінің үздігі деп танылды.

Айта кетейік, “Ференцвароштың” биылғы чемпиондық маусымында 27 жастағы жартылай қорғаушы Степан Лончар өнер көрсетті. Ол Венгрия чемпионатында 11 ойын өткізіп, 5 гол мен 4 голдық пас берді. 

“Астана” сапында босниялық жалпы алғанда 18 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пасты өз атына жазды. 

Лончар өз мансабында “Астана” мен “Ференцвароштан” басқа, “Риека”, “Широки Бриег” және “Кортрейк” клубтарында доп тепті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×