"Атлетико" атақты шабуылшылары

12.03.2014, 13:29
"Атлетико" атақты шабуылшылары
378px-Atletico_Madrid_logo.svg

Соңғы бес-алты жыл көлемінде "Барселона" мен"Реалдан" басқа тағы бір                                  испаниялық клуб бүкіл әлем бойынша өзінің жанкүйерлерін арттырып келеді.                    Өзіндік ойын мәнерімен ерекшеленіп үлгерген мадридтік "Атлетико" клубының                соңғы жылдардағы жетістіктері негізінен супер форвардтарының арқасы.                              Биылғы маусымда чемпиондық титул үшін таласып келе жатқан командадан                      әрдайым жоғары дәрежелі шабуылшылар үзілген емес. Біз осы мақаламызда                        сіздердің назарларыңызға "Атлетиконың" ең танымал шабуылшыларын тағы бір                мәрте назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Байқасақ мадридтік команда да  XX ғасырда да танымал шабуылшылардың бір шамасы доп теуіп үлгерген екен. Ол кісілерге қысқа ғана тоқталып өтейік, ал ғасырлар тоғысынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі шабуылшылар жайлы мейлінше толық айтып өтеміз. 

XXғасырда әлем футболы тарихында өшпес із қалдырып өткен бірнеше сұрмерген "Атлетико" жейдесімен өнер көрсеткен. Олардың ішінде атақты Пелемен бірге Бразилияға алғашқы әлем чемпионы атағын алып беруге аталысқан Вава, осы клубты бірнеше жылдар бойында басқарған, Испания ұлттық құрамасының жеңісті жолының фундаментін қалап кеткен бапкер Луис Арагонес, бізге бапкерлігімен таныс болған Хавьер Ирурета(осы кісі ғасырлар тоғысында "Депортивоға" чемпиондық атақ алып берген),тағы бір үздік шабуылшы мексикалық Уго Санчес "Реал" сапына дәл осы "Атлетикодан" ауысқан. Бүгінгі таңда көптеген еуропалық клубтар "Атлетико" скауттарының керемет еңбегіне қызғанышпен қарайды. Себебі: бұл команда өз академиясының түлегін немесе болашағынан үміт күттіретін жас дарындарды тауып, қолдан "жұлдыз" жасап, өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатып, пайда табудың әдіс, айла, тәсілін әбден меңгерген. Және бұл дәстүр астаналық клуб өкілдерінде XX ғасырда-ақ қалыптасып үлгергенін жоғарыдағы мысалдардан байқауға болады. Ал енді өзімізге жақсы таныс болған соңғы он-он бес жыл көлеміндегі шабуылшыларға назар аударсақ.  Кристиан Вьери (Италия). 1997-1998жж. player_554_5e3cc   Атақты италияндық "Бизон" 90жылдардан бастап, нағыз көшпенді өмір сүрген. Ол бір команда да бір маусымнан артық ойнамайтын әдет шығарған болатын. Дәл сол кездерде ол бір маусымға Испания астанасына тап болған. "Атлетико" сапында өткерген бір маусымды Вьеримен сиқырлы "24" цифры байланыстырып тұрады.  24 жасында келген, 24 ойын өткеріп, 24 гол соғып үлгерген. Бір маусым ойнап Испанияның үздік сұрмергені атағын жеңіп, отанына қайтып кеткен. Джимми-Флойд Хассельбайнк (Голландия), 1999-2000жж. goles-ultima-victoria-rojiblanca_TINVID20111124_0012_3   Ғасырлар тоғысындағы тағы бір үздік шабуылшы Хассельбайнк Вьери секілді "Атлетико" сапында бір маусым өткерген. Англияның ол кездегі атақты клубтарының бірі "Лидс" болса, оның негізгі сұрмергендерінің бірі осы жігіт болған-ды. 12млн фунтқа сатып алынды. Бұл шабуылшы да 24 гол соғып үлгерді. Ешқандай жүлде жеңе алмады, онымен тұрмай "Атлетико" примерадағы орнын сақтап қала алмады. Сол себепті ол келесі маусымды"Челси" жейдесінде бастады. Трансфер құны 15млн фунт стерлинг.  Сальва Бальеста (Испания). 2001-2002жж. foto Хассельбайнк ойнаған маусымда "Атлетико" келесі дивизионға түсіп кеткен болса, Сальва Балесте клуб құтқарушысы болды. Бір жыл алдын Испания сұрмергені атағын жеңіп алған жігіт, бір маусымға "Атлетико" жейдесін киюге келісті. Және өзінің мықтылығын Сегундада тағы бір мәрте дәлелдеді, 21 гол. Фернандо Торрес (Испания). 2001-2007 жж. Торрес жайлы артық айтып жатудың керегі жоқ. Атақты испаниялық "Эль Ниньо" "Атлетико" жастары сапында барлық кезеңдерде ойнап шыққан. Ал клуб академиясына түсуі, жалпы бүгінгі күнгі толып жатқан атақтарына қол жеткізуі мадридтік клубтың шын берілген жанкүйері, өзінің атасына қарыздар. 5 жасар баласын клуб академиясына түсірген де сол кісі. Негізгі команда сапында 17 жасында алғашқы кездесуіне шыққан. Бір аптадан соң алғашқы голды еншісіне жазған. Торрестің дебюті клуб екінші дивизионда жүрген кезеңге сәйкес келетінін де айта кетейік. "Атлетико" сапында 7 жыл бойы доп тепті, 248 кездесуде 91 голдың авторы атанды, 19 жасында капитан болды. Бірақ, осы 7 жыл ішінде бір де бір турнирде жеңіске жете алмады. Осыған байланысты, Англияға кетуге мәжбүр болды. "Ливерпуль" кейіннен" Челсиға" ауысты. Әлем және Еуропа чемпионы, 2012 жылғы Еуро турнирінің үздік сұрмергені жалпы футболшы болып қалыптасуында осы клубқа қарыздар екендігі сөзсіз. Серхио Агуэро (Аргентина). 2006-2011жж. 1272628340_24a2da45f9c0fad5d29d83dbf5744982 Серхио Леонель Агуэро дель Кастильо (сондай-ақЛеонель) қай жерде ойнаса да гол соғудан жалықпаған. Осы үрдісті Испания астанасында да жалғастырумен болды. Жас аргентиналық талантты еуропаның біпшама азулы командалары бірден байқаған. Сезхиоға талас кезінде мадридтіктер "Баварияны","МЮ" сондай-ақ"Реалды" артта қалдырған. 18 жасында клубқа қосылған Агуэро 5 жыл ішінде 234 кездесу өткеріп, 101 голды еншісіне жазды. Еуропа лигасын және еуропа суперкубогін жеңді. "Висенте Кальдерон" жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды. Бірақ, бұл ойыншыны бұдан артық уақытқа ұстап қалудың реті келмеді. 23 миллион еуроға сатып алынған ойыншы үшін "Манчестер Сити" 38млн фунт стерлинг төледі. Диего Форлан (Уругвай), 2007-2011 жж. 1299608923_forlan "Атлетико" сапына қартая бастаған шақта келіп қосылған уругвайлық шабуылшы осы клубта екінші жастығын бастан өткерді. 2010 жылғы ОАР өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы жайлы көр нәрсе айтып жатудың да қажеті шамалы. Форлан өзі қатысқан екі ойынның бірінде гол соғып жүрді. Мадридтік клуб сапында 198 ойын өткеріп, 96 гол соқты. Еуропа лигасы мен Уефа суперкубогін еншіледі. Дәл сол кезеңдерде Форлан-Агуэро жұбы әлемдегі үздік шабуылшылар жұбының бірі болды. Радамель Фалькао (Колумбия). 2011-2013жж. falkao_2013_10_05 Фалькао "Атлетико" сапында небәрі бір жылдай-ақ ойнады. Бірақ, осы уақыт ішінде клуб аңыздарының біріне айналып үлгерді. "Порту" шабуылшысын өз сапына қосып алу үшін мадридтіктер біраз еңбектенді. Сол еңбек зая кеткен жоқ. Клуб жейдесінде өткерген аз ғана уақыт ішінде ол 50 гол соғып үлгерді. Мұның ішіне, Еуропа лигасы финалындаға "Атлетик" қақпасына соққан екі допты қосыңыз, Суперкубок таласында "Челси" қақпасына соғылған үш голды еске түсіріп көріңіз. Фалькаоны сатып алатын кезде клуб басшылығы біршама шығынданған болса, бір жылдан соң форвардты сату арқылы қыруар қаржы иемденді. Давид Вилья (Испания) 2013-?? 1373922111_1bb8d804b186a4e9f35a4297e94a9ea3 Клубтық деңгейде де құрама деңгейінде де мүмкін болған барлық атақтың иегері Давид Вилья "Барселона" сапындағы үш маусымнан кейін "Атлетико" жейдесін киді. Отыздан асып қалған форвард үшін мадридтіктер бар болған 5 млн еуро төледі. Алғашында біршама сыни пікірлер жиі айтылып жүрген. Бірақ, Вилья өз шеберлігін көрсете алды. Өзінің бұрынғы клубы "Барселонамен" болған ойында керемет гол соғу арқылы клуб басшылығының қателескендігін де көрсеткендей. "Валенсия", "Барселона" сапында бірнеше жарқын кезеңдерді өткерген Давид енді "Атлетико" жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп жүр. Диего Коста (Бразилия-Испания)2011-?? Diego Costa celebrates his winner Біз жоғарыда әңгімелеп өткен "Атлетико" шабуылшылар мектебінің бүгінгі күнгі жарқын өкілі. Клубтың биылғы маусымдағы керемет ойынына елеулі үлес қосып жүрген шыққан тегі бразилиялық болса да, Испания құрамасының өкілі. Біршама уақыт бойы өз бойындағы шеберлігін көрсете алмай келген Диего астаналықтардың бүгінгі тірегі. Клубтың сәтті ойынының кепілі. Криштиану Роналдумен гол соғудан жарысып келе жатқан және алдағы болашағынан зор үміт күттіретін футболшылардың бірі. Жәнібек Әбішев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×