"Атлетико"-"Барселона". "Блауграна" чемпиондығын Мадридте рәсімдей ме?

17.05.2015, 23:55
"Атлетико"-"Барселона". "Блауграна" чемпиондығын Мадридте рәсімдей ме?
Атлетико Мадрид - Барселона. Прогноз на матч 17.05.2015 Испан Премьерасының 37-ші турындағы орталық ойын "Атлетико" мен "Барселона" арасында болғалы тұр. Жалпы, екі команда екі жылдан бері чемпионаттың соңында кездесуді әдетке айналдырған. Былтыр Симоне шәкірттері соңғы турда Католонияға қонаққа барып, дәл "Камп Ноуда" алтыннан алқа тағып, жергілікті жанкүйерлердің қошеметіне ие болған еді. Бұл жылы жағдай керісінше. "Атлетико" чемпион болмақ түгіл, үшінші орыннан жоғары көтеріле алмайды. Араға бір жыл салып, Испанияда "Барса" мен "Реалдың" үстемдігі өз жалғасын табуда. Бүгін Энрике командасы бірінші орнын сақтандыру үшін "Висенте" Кальдеронда жеңіске жетуі тиіс.  "Атлетико"-"Барселона" 17-ші мамыр. 23:00 Тиіс, бірақ міндетті емес. Соңғы ойында "Департивоны" өз алаңында тізе бүктіріп, асықпай-ақ "Камп Ноудың" көз алдында мерекені тойласа да болады. Дегенмен, бұл-Мадрид. Былтыр мадридтік команда Барселонада чемпиондықты рәсімдесе, неге "Барселонаға" Мадридте Ла Лиганың жеңімпазы атанбасқа? Бұл жағдай да Месси бастаған жігіттердің есінен кетпегені түсінікті. "Атлетиконың" таласы басқада. "Матрасниктердің" көздегені үшінші орын. Келесі жылы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңін айналып өтіп, топқа топ ете түсу. Сондықтан "Висенте Кальдерон" қожайындарына жеңіліс мүлде қажет емес. Табандап қуып келе жатқан артта "Валенсия" бар. Сондықтан, "Атлетико" бұл матчқа немқұрайлы қарамай, қасық қаны қалғанша шайқасады дегеннің кепілі. "Альянс-Аренадағы" ойыннан кейін "Барсаның" қандай күйде боларын болжау да қиын. Немістерге қарсы алғашқы ойыннан кейін, Испан Премьерасының өткен турында Энрике командасы жаяу жүріп "Реал Сосьедадты" 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Асуды бағындырғаннан соң, "Барсаның" өзіне тыныстауға мүмкіндік беретін кездері де жоқ емес. Германиядағы ойында Луис Суарес үзілістен кейін алаңнан кеткен болатын. Кейін белгілі болғандай кішігірім жарақат алыпты. Әйткенмен, уругвайлық сұрмергеннің алаңға шығады деп күтілуде. Ал, Энрике команда сапына бірнеше өзгерістер енгізеді, оған күмән келтірудің қажеті шамалы. фото Getty Images Мамандардың пікірінше, "Барса" матчтың фавориті. Алайда, бұл ойынның бір жақты болмай, тартысты болары күмәнсіз. Екі команданың ара-қатынасы да әсер етеді. Алыптардың аяғынан шалып қалуға тырысатын Симоне жігіттерінің ниеті тағы бар. -Диего Симоне "Висенте Кальдеронда" "Атлетиконың" бас бапкері ретінде мерекелі 100-інші ойынын өткізгелі отыр. -Соңғы 4 маусымда "Атлетико" "Барсаны" бір мәрте ғана жеңіпті. -Месси "матрасниктерге" қарсы өткізген 25 ойында 22 рет гол соққан.  -Томас Вермален тізімге енді. Сонымен қатар, ұзақ уақыттан бері екінші командада өнер көрсетіп жүрген Масип пен Мунир матчқа қатысушылар тізімінде.  Қос команданың болжалды құрамдары:       Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×