Аты шулы матчты 109 901 көрермен тамашалады

03.08.2014, 19:02
Аты шулы матчты 109 901 көрермен тамашалады
Әлем Чемпионатының финалдық матчы «Манчестер Юнайтед» пен «Реал Мадрид» кездесуінен қалып қойды. International Champions Cup-2014 турнирінің кезекті матчында «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» кездесіп, 1-3 есебімен «қызыл сойқандар» жеңіске жетті. Және де осы аты шулы ойынды көру үшін «Мичиган» стадионына 109 901 көрермен келген екен. Естеріңізде болса Бразилияда өткен әлемдік мундиальдың финалын тамашалау үшін 75 мың көрермен келген болатын. Ойыңға қысқаша шолу. Матчтың 21 минутында Эшли Янг гол соғып есепті ашса, араға 6 минут салып Гарет Бейл пенальтиден Де Хеа қақпасына гол соғып есепті теңестіріп кетті. Ойынның 37 минутында Эшли Янг дубль жасап, Юнайтедті есепте алға шығарды. 43 минутта Уэлбек жарақат алып, оның орнына алаңға Манчестер Юнайтедтің жас әрі талантты ойыншысы Заха кірді. Матчтың негізгі уақыты аяқталарға 10 минут қалғанда Чичарито есепті 3-1- ге жеткізді. Луи Ван Гаал шәкірттері енді 4- ші тамыз күні финалда «Ливерпульмен» кездеседі. Ерден Нұрахмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×