«ПСЖ» Франция суперкубогын ұтып алды

03.08.2014, 17:10
«ПСЖ» Франция суперкубогын ұтып алды
Франция суперкубогының финалында «ПСЖ» мен «Генгамның» өзара тартысында Златан Ибрагимович дубль жасап командаластарына жеңіс сыйлады. Пекинде өткен матч 2-0 есебімен «Пари Сен-Жерменнің» пайдасына шешілді. Екі голды да Францияның 1- ші Лигасының үздік сұрмергені Ибрагимовия 9- шы және 20- шы минуттарда салды. Матчтың 32- ші минутта «Генгам» ойыншыларында бір доп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алған болатын, алайда Мустафа Ятабаре пенальтиді сәтті орындай алмады. «ПСЖ» өз тарихында бұл кубокты төртінші рет жеңіп алып отыр. Алғаш рет осы трофейді 1995 жылы женген екен. Осылайша «ПСЖ» Франция Суперкубогын екі рет қатарынан жеңіп алды. Ерден Нұрахмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×