«Атырау» Астанада қалыпқа келу жаттығуын өткізді

22.05.2017, 16:37
«Атырау» Астанада қалыпқа келу жаттығуын өткізді

5

                 

Кеше Павлодардан елордаға ат басын бұрған «мұнайшылар» кешкісін «Астана-Арена» стадионына келіп, қалыпқа келу жаттығуын өткізді.

ҚР Кубогінің жартылай финалы аясында қарағандылық «Шахтерға» қарсы өтетін алғашқы матчқа дайындықты бір пысықтау мақсатында, команда доппен көп жұмыс істеді. Стандарттармен қатар, бой қыздыру жаттығуларын жасады. Бұған дейін азғантай жарақаттарына байланысты ойнай алмай жүрген Эльдар Әбдірахманов пен Антон Чичулин жалпы топқа қосылды. Ал жарақаттарынан әлі толық айықпаған Вукашин Томич және Жасұр Нәрзіқұлов елордаға келген жоқ. Бүгін болса, атыраулықтар Қарағандыға автобуспен аттанады деп күтілуде. ҚР Кубогінің жартылай финалы аясындағы матч 24 мамыр күні Теміртауда өтеді. Басталу уақыты - елорда уақытымен сағат 17:00-де.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×