«Ювентус» Италияда алтыншы жыл қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізді

22.05.2017, 16:46
«Ювентус» Италияда алтыншы жыл қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізді
10

«Ювентус» «Серия А» ойындарының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Туриннің «Ювентус» футбол клубы биыл алтыншы жыл қатарынан Италия чемпионатында топ жарды. Массимилиано Аллегри жаттықтыратын ұжым кеше "Кротоне" командасын 3:0 есебімен ұтты.

«Ювентус» «Серия А» ойындарының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізді. Нәтижесінде 33-ші рет Италия чемпионатында чемпион атанып отыр. Кеше өткен маңызды ойында «Ювентус» сапынан Марио Манджукич, Пауло Дибала мен Алекс Сандро гол соқты. Айта кетейік, осыған дейін туриндік клуб Италия кубогын жеңіп алған болатын. 3 маусым күні Чемпиондар лигасының финалында «Реалды» жеңер болса, команда требл (ішкі чемпионат, кубок және Чемпиондар лигасы жеңімпазы) жасайтын болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×