28 жастағы бразилиялық қорғаушы Брайан Гарсия "Атырау" командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Criativaonline.com сайты.
Футболшы командамен маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды. Брайан Гарсия "Атырау" құрамында украиналық "Колоспен" (2:3) және польшалық "Коронамен" (2:1) болған жолдастық кездесулерде бой көрсетті.
Бұған дейін футболшы бразилиялық "Америка Минейро", "Крузейро", "Витория", "Клуб Регатас Бразил" және армениялық "Алашкерт" клубтарында ойнаған. Transferмarkt ойыншының трансферлік бағасын 350 мың еуроға бағалады.
Біздің серіктес: FONBET